Татаро-башкирский культурный центр "ТАҢ"

Блог Председателя

Рафик Валиев

Рафик Валиев - директор ТОО «Жигер и Р», председатель ОО «Татаро-башкирский этнокультурный центр «Таң» города Астаны».

Главная

Мотивационная встреча со студентами КазУТБ

Казахский университет технологии и бизнеса – одно из учебных заведений Казахстана, специализированное на подготовку конкурентоспособных кадров для пищевой, легкой и нефтехимической отраслей промышленности.

2018 жыл 22 ақпан күні Тәрбие ісі және әлеуметтік сұрақтар бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығы және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы бірігіп «Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, модераторы: ҚазТБУ Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының жетекшісі, «ҚТжӘГП» кафедрасының меңгерушісі К.Канафиева.
Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты: Елбасының биылғы Жолдауда атаған жаңа мүмкіндіктерін талқылау, дамудың тек бейбіт елде ғана болуы шартына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының орнықты ұлтаралық татулықты сақтау және нығайту бойынша жұмыстарымен танысу. Университетте жаңадан ашылған Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының алға қойған мақсаттарын баяндау.
Дөңгелек үстелге ҚР Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы м.а. Жүнісбеков Бақытжан Әбдірайымжанұлы, Татар-башқұр мәдени орталығының маманы Валиев Равиль ҚазТБУ басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелді оқу оқу-әдістемелік және академиялық ұтқырлық жөніндегі проректор Н.Джумамухамбетов ашты.
Келген қонақтар сөз сөйледі, өз пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Тунтеев «Роль АНК в консолидации национальностей Казахстана», т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қ.Кабылшаев «Саяси тұрақтылық пен ұлттық келісім жағдайында «Ұлттық сана» мен «Біртұтас ұлт» мәселелері» ҚХА орталығының маманы Е.Жолумбетов «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында ұлттық код негіздерін сақтап қалу мәселесіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы» тақырыбында баяндама оқыды.
Дөңгелек үстелге қатысушылары тақырыптың өзекті екенін айтып, қызу талқыға салды. Соңында қала әкімшілігі мен Ассамблея мүшелері біріккен жоспар құратын болды және іс-шараларға бірігіп атсалысатын болып шешім қабылдады.
Дөңгелек үстелдің жабылуында Ғылым, ИТжСБ жөніндегі проректор Е.Айбульдинов, ТІжӘМ жөніндегі проректор Ж.Байжанова келген қонақтарға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Copyright © ТБКЦ"ТАҢ"2017